Арнайы кешеннің кітапханасында «Біздің заманның қаһармандары» атты кітап көрмесі бар. Қазан айында қаһарман мамандық иелері – Қазақстан құтқарушылары кәсіби мерекелерін тойлайды. Бұл өрт сөндірушілер, кинологтар, сүңгуірлер, дәрігерлер, психологтар және әрқашан көмектесуге дайын басқалар. Батырлардың бәрі бірдей форма кимейді...
Азат Жұмағұл – Петропавл қаласының тұрғыны, ол бірнеше жылдан бері қала көшелерінде қоқыс жинап, өзгелердің түсініспеушілігіне мән бермей, жан қалауымен айналысады.
Қазақтың жасы Әли Тұрғанбеков – аяқсыз туылғанымен, көңілін түсірмей, физиологиялық қабілетін шыңдайтын батыр. Ол жай ғана мектепке бармайды, ол дарынды балаларға арналған мектепте оқиды және ол күн сайын үлкен жетістіктерге жетеді.
Ержан Әмірханов – өртеніп жатқан автобустан 48 адамды аман алып қалды...
Ал «Біргеміз» деген сөз бей-жай қалдырмай, игі істерге шабыттандырған мұндай жандар елімізде өте көп.