Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Біз – үлкен елдің кішкентай балаларымыз» атты сынып сағаты өткізіліп, «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» тақырыбында әңгіме өрбіді. Оқушылар «Тәуелсіз Қазақстан» презентациясын қызығушылықпен тамашалады, тамашалағаннан кейін «Бәйтерек», «Алтын адам», «Қазақстан Республикасының Туы» жұмбақтарын құрастырды.