Текст
21 қазан күні Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында 7 сыныпта «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты сынып сағаты өтті. Балалар туған жер туралы тақпақтар оқыды, викториналық сұрақтарға жауап берді. Олар «Біздің Қазақстан» бейнебаянын қызығушылықпен тамашалап, Астананың өздері барған есте қалатын жерлерін еске алды.