Текст
«Халықты аутизм туралы ақпараттандыру» айлығы аясында логопед 3-сынып оқушысымен «Жабайы жануарлар» тақырыбында сөйлеуді дамыту бойынша жеке сабақ өткізді.
Сабақ барысында сөйлеуді дамыту, дұрыс айтуды дамыту мақсатында түрлі жаттығулар жүргізіліп, жабайы аңдардың табиғаттағы тіршілігі туралы білімдері бекітілді. Оқытудың әр кезеңінде баланы сөйлеу әрекетіне белсендіретін көрнекі құралдар пайдаланылды.
Сабақ барысында қолайлы эмоционалды фон құрылды; әрекет барысында бала қызығушылық пен белсенділік танытты.