Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Специальный комплекс «детский сад-школа-интернат», село Урюпинка, Аккольский район» управления образования Акмолинской области

Социальные сети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандықтар әлеміне кіріспе» ойын тренингі

Тәрбие жұмысының онкүндігі аясында «Ақбота» тобының балаларымен «Мамандықтар әлеміне кіріспе» атты ойын тренингі өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірім балалардың мамандықтар әлемі туралы жалпы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету, мамандықтар әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, мамандықтың әртүрлі аспектілерімен таныстыру арқылы өзін-өзі тануға мотивациясын (өзінің қызығушылығы мен бейімділігін зерттеу) қалыптастыру болды.

Топтық жұмыс барысында балалар ең сұранысқа ие мамандықтарды, ескіріп бара жатқан мамандықтарды, болашақ мамандықтарды, әрқашан қажет мамандықтарды анықтады. Біз мамандықтың формуласын әзірледік.

Жасөспірімдер өскенде қандай мамандыққа ие болғысы келетінін және неліктен екенін айтты. Тренингке қатысушылардың барлығы кәсіптер туралы білімдерін, эрудициясын, тапқырлығын, ұжымшылдық сезімін көрсетті.

Балалар кез келген жұмысқа құрметпен қарау керек, барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды деген пікірге келді!


Текст