Текст
3-сынып оқушылары «Үй жануарлары» тақырыбымен жұмыс жасау барысында көптеген қызықты мәліметтер алды. Жұмбақтарды тауып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтап, жануарларды орысша, қазақша атады. Балалар презентацияны тамашалады, оқулық бойынша тақырыптық суреттермен жұмыс істеді, бірақ ең қызықтысы үй жануарларының макеттерімен жұмыс болды. Сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып, төлдердің атын, жануарлардың адамға тигізетін пайдасын тағы да қайталады. Сонымен қатар балалар сауыншы, жылқышы, малшы мамандықтарымен танысты.