Текст
«Өмірі кітаппен» челленджі аясында «Ит – адамның досы» атты оқу сағаты өтті. Балалар иттің үй жануарына қалай айналғаны, тұқымдары қандай, иттер неге адамның көмекшісі болып саналатыны туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, адамның досы– үй жануарлары туралы білімдерімен бөлісті.
Ұсынылған тақырыптық сөре арқылы балалар А.И. Куприннің «Ақ пудель», А. П. Чеховтың «Каштанка», Г. Троепольскийдің «Ақ Бим Қара құлақ» және т. б. шығармалармен танысты. «Найда» және «Полкан мен Шавка» мультфильмдерін тамашалады.
Осындай іс-шаралар балаларды қоршаған ортаға мейірімділік пен қайырымдылық қарым-қатынасқа үйретеді.
Кітапханашы С.Н. Бондаренко