Қазіргі таңда салауатты өмір салтын насихаттау өзекті бола бастады. Салауатты өмір салты – бұл иммунитет пен физикалық мүмкіндіктерді нығайтуға және сақтауға көмектесетін, әл-ауқатқа және жалпы денеге теріс әсер ететін факторларды жоюға көмектесетін әдеттер мен әрекеттер жиынтығы. Сондай әдеттердің бірі – күнделікті жаттығулар.
Бүгін жасөспірімдер арасында дәрігер И.М.Жүсіпбекова әңгіме жүргізді. Тақырыбы: «Қозғалыс – өмір».
Дәрігер балаларға салауатты дене және салауатты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып берді. Балаларды белсенді өмір салтына баулу.
Біз бірге «гиподинамия» терминімен таныстық және отырықшы өмір салтынан туындауы мүмкін бірқатар ауруларды білдік. Мысалы: Дене белсенділігінің аздығы инфекциялық емес созылмалы аурулардың дамуына әкеледі: семіздік, қант диабеті, остеопороз, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, тоқ ішек қатерлі ісігі, сүт безі обыры.
Әр оқушы өзінің сүйікті спорты мен хоббиі туралы айтты.
Балалармен әңгімені қорытындылай келе, салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын ұстанған адам ұзақ, белсенді, үйлесімді, бақытты өмір сүреді деген қорытындыға келдік.