Текст
Қолөнер сабағында 2-сынып оқушылары «Жүк машинасы» атты геометриялық аппликация жасады. Тақырып бойынша презентацияны тамашалап, жүк көліктерінің қандай көлік түрлерімен жүретінін білді. Олар жүк көлігінің бөлшектерін талдап, оны геометриялық пішіндерден құрастырды, сол арқылы бұрын математика сабағында өткен геометриялық пішіндерді қайталады. Оқушылар жүк көлігін шынайы етіп көрсетуге тырысты.