Текст
Гуманитарлық циклдің пәндік онкүндігі аясында 7 сыныпта А.П.Чеховтың «Ақ маңдайлы» шығармасына арналған оқу және сөйлеуді дамыту сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар бас кейіпкер – қасқырдың әдеби портретін салып, мақал-мәтелдермен жұмыс жасады, қасқырлар өмірі туралы тақпақ тыңдады, әңгіме мәтінімен жұмыс істеді, викторинаға қатысты. Сабақ жемісті, еркін, достық жағдайда өтті.