Үй жануарлары

Аутизм туралы хабардарлық айлығы аясында логопед екінші сынып оқушысымен «Үй жануарлары» тақырыбында жеке сөйлеуді дамыту сабағы өткізді.

Сабақта баланың қызығушылығын сақтау және қарым-қатынас орнату үшін ойын әдістері қолданылды. Сөйлеуді дамыту және дұрыс айтылу үшін әртүрлі жаттығулар жасалды, үй жануарлары туралы білім нығайтылды. Оқушы ұсынылған тапсырмаларға белсенді қатысып, ересек адаммен қарым-қатынас орнатуда оң динамиканы көрсетті.

Сабақта жағымды эмоционалды орта қалыптасты, ал бала іс-шара барысында қызығушылық пен белсенділік танытты.

Текст