Текст
Наурыз мейрамының онкүндігі аясында «Қазақтың халық ырымдары» атты шара өтті. Балалар қазақтың «Шашу» дәстүрін еске алды. Бейнебаяндарды тамашалай келе, «Сәлемдесу ырымы», «Беташар», «Тұсау кесу» сияқты ұлттық салт-дәстүрлермен таныстық. Театрландырылған қойылым арқылы балаларға «Тұсау кесер» ырымы анық көрсетілді. Мұғалімдер балаларға Наурыз мерекесін тойлау тарихын ашып, «Қазақтың киіз үйінің безендірілуі», «Қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары» атты жаңа мәліметтермен білімдерін толықтырды. Шара «Бата беру» ұлттық дәстүрімен аяқталды.