Текст
Құм терапиясы-бұл баланың өзін-өзі көрсетуге және шығармашылық қабілетін дамытуға тамаша мүмкіндік, сонымен қатар өз сезімдерін, эмоцияларын, тәжірибелерін білдіруді үйренудің қарапайым және тиімді әдісі.
Бастауыш сынып оқушыларымен құм терапиясын қолдана отырып, «Сезім елі» сабағы өтті. Балалар құмның қасиеттерімен танысты, «Сәлеметсіз бе, құм!», «Құмды жасыру», «Құмдағы өрнектер», «Сурет салу және айту». Сабақ сәтті өтті, шығармашылық жағдай мен жақсы көңіл-күй орнады.