Текст
«Көңілді старттар» спорттық іс-шарасына жоғары буын балаларынан құралған екі топ қатысты: «Оба-На» тобы қыздардан және «Метеоры» тобы ұлдардан.
Командаларға келесі эстафеталар ұсынылды: «Пошташылар ат үстінде», «Даяшылар», «Соқыр жаяу жүргінші», «Жұлдызқұрт», «Ойлан тап», «Қосаяқтан жаман емес», «Кітап жарысы», «Шарды түсірмеу», «Алма».
Қызықты жарыстың барлық кезеңдері шиеленісті тартыста өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын қадағалап, қатты уайымдады. Спорттық ынта мен жеңіске жетуге деген ұмтылыс команда мүшелерін баурап алғаны соншалық, айналасында не болып жатқанын байқамады. Спортшылар мәреге бірінші келуге бар күштерін салды. Ойын алаңын күлкі, шу және көңіл-күй биледі.