Текст
Тоғыз-құмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен салыстыруға болатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынды жас ұрпақтың дене тәрбиесімен қатар интеллектуалдық дамуына үлкен мән берген ата-бабаларымыз ойлап тапқан. Балалар тоғыз-құмалақ, бес асық сынды қазақтың ұлттық ойындарын үлкен қызығушылықпен ойнайды.